Ст. 796 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады. 2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
Ескерту. 796-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей