Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 803 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.09.2020


Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада: 

1) хаттама жасалған күнi мен орны; 

2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; 

3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); 

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; 

5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары; 

6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері; 

7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі. 

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі. 

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды. 

5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды. 

6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді. 

7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды. 

8. Осы баптың тоғызыншы бөлiгінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге ол жасалғаннан кейiн қолхат алынып дереу табыс етіледі.  

Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның (тұлға өкілінің) өтінуі бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште табыс ету не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі. 

9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады. 

Ескерту. 803-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 
Статья 1 ...801 802 803 804 805 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Отпуск за свой счёт , высчитывают в двойном размере заработной платы ,это есть такой закон?


Здравствуйте! Административно-бытовое здание принадлежит 5 собственникам в разных долях. Что создать "Простое товарищество" или ОСИ для того что бы содержать зднание.


Здравствуйте, Вам необходимо зарегистрировать свои права на данный дом. Если есть договор купли-продажи и на дом не наложены аресты, то Вам необходимо пройти в ЦОН и зарегистрировать свои права.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.

Прошу Вас помочь что нужно сделать.

У меня магазин в жилом доме цокольный этаж.

Сделал ремонт, открыл но потом пришел корановирус и я его закрыл.

Через месяц пришел директор ЖЭКа и сказал что затопили магазин.

Сантиметров 20 было канализации в магазине.

ЖЭК говорит что договор с нами не заключили и мы не отвечаем за это.

Хотя все инженерные сети переданы застройщиком ЖЭКу.

Что делать стоит ли подавать в суд.

Или нет.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться