Ст. 804 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
1) iшкi iстер органдарының (73, 73-3, 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 85, 100, 127, 127-2, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 147-1, 149, 150, 154, 156-1 (екінші және үшінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қарулар мен олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 423, 423-1, 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (үшінші бөлігі), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 443-1 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 456-2 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 461, 462, 463, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 663, 667, 669, 674, 675-баптар);
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312 (екінші бөлігі), 314, 416 (өрт және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462-баптар);
3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
4) осы бөліктің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының – әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші бөлiгi), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының – арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстiң 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшінші бөлiгi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, 434, 652, 667-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 676, 677, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының – әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, осы Кодекстiң 506, 590 (2-1, төртінші және 4-1- бөліктері), 596 (үшiншi бөлiгi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртiншi бөлiгi), 621 (үшiншi бөлiгi), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары бойынша әскери бөлiмдердiң командирлерiне қатысты;
7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 360 (бірінші бөлiгi), 462-баптар);
8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тағамдық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
9) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 381-1 (екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 327-2 (екінші бөлiгi), 328 (үшінші және төртінші бөліктері), 331 (төртінші бөлігі), 344 (бірінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
11) жер қойнауын зерттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);
12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (145-бап);
13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (462, 463, 465-баптар);
14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 462-баптар);
14-1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның (214-бап);
15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 416 (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);
17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 462, 463-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 317 (төртінші бөлiгi), 317-1 (екінші бөлігі), "317-2 (екінші бөлігі), 319, 462, 463-баптар);
22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (тағамдық өнiмдерге, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);
23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (134, 214 (бұл бұзушылықтарды цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жасаған кезде), 416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi), 638 (екінші бөлігі)-баптар);
23-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (462, 463-баптар);
24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 613 (бірінші, үшінші, 3-1-бөліктері), 618-баптар);
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 462-баптар);
27-1) қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктері) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер жасаған кезде), 214-1, 462, 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жасаған кезде) – баптар);
28) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 283, 463-баптар);
30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптар);
31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 176-1, 182, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1, үшінші және төртiншi бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (үшінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 679-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 425 (екінші бөлігі)-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 668, 668-1-баптар);
34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдардың (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 465, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);
35) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);
36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 175-1, 462, 465-баптар);
37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 415-1 (екінші бөлігі), 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);
39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));
40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (214, 462-баптар);
41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (462, 463-баптар);
42) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның (170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462 (үшінші бөлігі), 463-баптар;);
42-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
42-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (416 (ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерде белгіленген, машиналар мен жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516, 517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);
45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477, 667);
46) күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 477, 479, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі), 652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 667-баптар);
47) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының (234-1 және 462-баптар);
48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (462-бап);
49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (127, 127-1, 127-2, 134, 409 (7-1 және 7-8-бөліктері), 462, 463-баптар);
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (134, 145, 156-1, 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 451 (он жетінші бөлігі), 453, 462, 463, 489-1, 490-баптар);
50-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (489-1-бап);
51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі)-баптар);
52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2 және төртінші бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
53) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы органның (424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 462 және 463-баптар);
54) алып тасталды – ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 667, 669 (бірінші бөлігінде), 673-баптар);
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 665, 666, 667, 673-баптар);
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);
60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
62) масс-медиа саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 462, 463-баптар);
63) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (462-бап);
64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшiншi бөлiгi), 462-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар;
65) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (127, 127-1, 127-2, 135-баптар);
66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (127-1, 462-баптар);
67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның (462, 463-баптар);
68) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
69) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты аппаратының (653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты), 462, 463-баптар).
2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463-баптар).
3. Осы Кодекстiң 685 – 735-1-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);
2) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337 (бірінші және екінші бөліктері), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 380-1, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);
3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
4) күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485-баптары) құқығы бар.
Ескерту. 804-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2021 № 21-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 132-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 05.11.2022 № 158-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 180-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 208-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 24-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 114-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 117-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей