Ст. 829-4 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық – қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.
3. Шағымды, наразылықты беруге арналған мерзімді өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым, наразылық қаралады, бұл ретте шағымды, наразылықты беру мерзімін өткізіп алу және олардың мәні шағымның, наразылықтың қаралуына қарамастан тексеріледі.
4. Осы бапта белгіленген мерзімде шағымды беру, наразылықты енгізу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.
5. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын уақытта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына шағым берілуі, ал наразылық енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 829-4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей