Ст. 829-5 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына шағым, наразылық iстi қарауға құқылы сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады. 2. Өзiне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғадан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар келіп түскен жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс дереу қаралуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот iстi, шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн ұзартуы, бiрақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге алып келетін әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны туралы iс – әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады.
4. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарауға мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті.
Істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімі сараптаманың тағайындалуы, күштеп әкелу, сондай-ақ іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 829-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестиция... Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 55. Общие правила наложения взыскания за административное правонарушение Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу О разрешениях и уведомлениях Статья 41. Отказ в выдаче разрешения второй категории Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 359-1-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей