Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 855 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда: 

1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; 

2) арыз беруші тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар бар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса); 

3) арыз иесі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхат берген актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; осы актінің қабылданған күні; 

4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай; 

5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Арызға: 

1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері; 

2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың (ол болған кезде), қаулының, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі; 

ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 811-бабының екінші бөлігі, 852-бабының бірінші бөлігі және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 және 2-тармақтарына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылсын: іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 852-бабының бірінші бөлігінде және 855-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.

3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат; 

4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса берілуге тиіс. 

Ескерту. 855-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...853 854 855 856 857 ...920

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Мне сейчас уже 54 года и у меня ещё ни разу не было отношений, ни разу !!!!

Ни как не получается познакомиться с женщиной, мне недавно предложили (СНЯТЬ) проститутку, но после того как я её повёл на квартиру произошла полицейская ОБЛАВА и нас с ней задержали сотрудники полиции и начали обвинять в СВОДНИЧЕСТВЕ, грозят при этом внушительным сроком, я тогда пытался объяснить этим БАЛБЕСАМ что мол у меня ни разу не было ЖЕНЩИНЫ, а они только смеются и говорят что мол это твои проблемы, как быть ???


у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.



доброе утро. Как можно вернуть сумму страхования номад лайф . Оформиои при получение автокредитования


Добрый день.

какая нагрузка на грузчиков в производственных предприятиях установлено в ТК РК? существуют ли какие-то нормативы?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться