Ст. 43 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 2. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, мынадай:
1) адвокат мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;
4) адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
1) алып тасталды – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
3) біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
4) адвокат мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) көрсеткенде – алты айға;
5) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;
6) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсіпкерлік немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – алты айға тоқтатыла тұрады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдарының ұсынуы, Республикалық және аумақтық адвокаттар алқаларының өтінішхаты негізінде лицензиардың шешімімен жүзеге асырылады.
Лицензиардың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Адвокат лицензиясының қолданысын тоқтата тұру лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап адвокаттық қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау адвокаттың өтініші бойынша күнтізбелік он күн ішінде лицензиардың бұйрығы және оны тоқтата тұру үшін негіздердің тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия қолданысының қайта басталғаны туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.
6. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы адвокат, адвокаттар алқасы, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган хабардар етіледі.
7. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге адвокат сотқа шағым жасауға құқылы.
8. Қажет болған және клиент келіскен жағдайларда, адвокаттар алқасы адвокатының адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы тоқтатыла тұрған клиентті білікті заң көмегімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.12.2025 № 241-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 49-бап. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 50-бап. Адвокаттар алқасы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы ҚР Азаматтық процестік кодексі 201-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей