Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.04.2025

Акционерлiк қоғамдар туралы
21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау

1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға ақша, мүліктік құқықтар (оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін. 

Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен (бағалы қағаздан басқа) төлем жасау бағалаушы айқындайтын баға бойынша жүзеге асырылады. 

Қоғамның орналастырылатын акцияларына қор биржасында айналыста болатын бағалы қағаздармен ақы төлеу қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес қор биржасы айқындайтын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады. Акцияларға ақы төлеуге енгізілетін бағалы қағаздардың түріне қатысты көрсетілген әдістеме бойынша қор биржасы есептеген мұндай бағалы қағаздардың нарықтық бағасы болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII№ 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауға мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім аяқталғанға дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады. 

3. Акцияларды орналастырған кезде қоғамға: 

1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға; 

2) шарттарында (шығару шарттарында) эмитент орналастырылған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағазды сатып алуға) тыйым салынады. 

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...91

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться