Ст. 11 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
11-бап. Елдi мекендердi инфрақұрылым объектілерiмен қамтамасыз ету және оларға қол жеткiзуге жағдай жасау
1. Елдi мекендер не оның бiр бөлігiн жоспарлау және салу жөнiндегi қала құрылысы құжаттамасында (қала құрылысы жобаларында) әлеуметтiк, өндiрiстiк, рекреациялық, инженерлiк және көлік инфрақұрылымдарының құрамы мен құрылымы анықталуға, сондай-ақ: 1) қоныстандыру түрiн (рөлiн) ескере отырып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлiк жағынан дайындау қажеттi сервитуттар;
2) аумақта кешендi құрылыс салу;
3) халықтың әлеуметтiк, демографиялық және кәсiптiк түрлi топтарының мүдделерiн ескеру;
4) нормативтiк талаптарды (шектеулердi, шарттарды) сақтау;
5) қызмет көрсету саласында бәсекелестiк ортаны дамыту көзделуге тиiс.
2. Елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Елдi мекендерге арналған қала құрылысы құжаттамаларында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қажеттерiн қамтамасыз етуге жағдай жасау жөнiндегi бөлiмдер мазмұндалуға тиiс.
4. Мемлекеттiк нормативтермен белгiленген қызмет көрсету деңгейiн төмендетуге әкеп соғатын халыққа қызмет көрсету объектiлерi мәнiнiң өзгертiлуiне жол берiлмейдi.
5. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу, елдi мекендердi жобалау мен салу кезiнде елдi мекеннiң жоспарлық құрылымымен өзара байланыстырылған және оның барлық қызмет ету аймақтарымен (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), сондай-ақ сыртқы көлік объектiлерiмен байланысты қамтамасыз ететiн көлiк коммуникацияларының және көше-жол торабының бiрыңғай жүйесi көзделуге тиiс.
6. Қонысаралық аумақтарды игеруге (абаттандыруға, құрылыс салуға) арналған жобалау құжаттамасында адамдардың келуiмен байланысты кейiннен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында осы аумақта, инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн тұрақты және қол жеткiзiлетiн жүйе көзделуге тиiс.
7. Инженерлiк инфрақұрылымның магистральды коммуникацияларының, басты ғимараттарының жобалау құжаттамасын әзiрлеу, салу, пайдалану және кейiннен кәдеге жарату кезiнде, сондай-ақ аумақтарды инженерлiк жағынан дайындау жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектес аумақтардың мүдделерiн ескеретiн және аумақ пен халыққа қауiптi (зиянды) құбылыстар мен процестердiң әсер ету мүмкiндiгiн болғызбайтын шешiмдер қабылдануға тиiс.
8. Республикалық, аймақаралық және аймақтық инженерлiк және көлiк жүйелерiнiң бекiтiлген схемалары жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеуге, сондай-ақ тiршiлiктi қамтамасыз ету мен елдi мекендердi жайғастыру жүйесiн дамытуға бағытталған қызметке негiз болып табылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей