Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:  

1) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау; 

2) облыс әкiмдiгi ұсынатын ведомстволық бағыныстағы әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер аумағының қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының) кешендi схемаларын бекiту; 

3) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;  

4) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды сақтаудың және күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту; 

4-1) облыс әкімдігі ұсынатын, облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту кіреді. 

5) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) алып тасталды

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. № 180-IV; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная





Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться