Ст. 20 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245
Автомобиль жолдары туралы
20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығы болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы жол жүрiсiн тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;
2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын төлеуді жүргізуге;
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті жол жүру белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей