Ст. 22 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588
Электр энергетикасы туралы
22-бап. Электр энергетикасы объектiлерiнiң сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету
1. Электр энергетикасының неғұрлым маңызды объектiлерiн күзетудi арнаулы әскерилендiрiлген күзет қызметтерi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмшелерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 2. Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
3. Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру мен берудiң бiртұтас технологиялық процесiне қатысатын мүлкi бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады.
4. Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмгерлік басқаруға беру уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органды алдын ала хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген тәртіпті бұза отырып, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.04.11 № 136, 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 126-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей