Ст. 9 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588
Электр энергетикасы туралы
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
1. Тұтынушыларға электр энергиясын беру өздері арқылы қамтамасыз етілетін бұрыннан бар электр беру желілері мен кіші станцияларға қосымша қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушының өзі тұтынатын электр қуатын ұлғайтуы қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауға және салуға негіз болып табылады.
1-1. Бір тұлғалар тобына немесе бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйым мен тұтынушы кернеуі 220 киловольт және одан жоғары меншікті электр беру желілерін жобалауды, салуды және пайдалануды, мұндай желілер бойынша берілетін электр энергиясын әкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі облыс шегінде осы тұлғалар тобы немесе осы гибридті топ ішінде тұтыну үшін пайдаланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор айқындайтын техникалық талаптарды сақтаған жағдайда, бірлесіп немесе дербес жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді жанама түрде айқындау мүмкіндігі деп осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайыздан астамына билік етуі түсініледі, ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі.
Көрсетілген электр беру желілері осы тармақта санамаланған тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі болады және меншік иелерінің келісімінсіз ұлттық компанияға беруге жатпайды.
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2-1. Энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларын кешенді сынауы электр желілік қағидаларға сәйкес, кешенді сынау жүргізу кезінде өндірілген электр энергиясының бүкіл көлемін сатып алу-сату шарты болған кезде жүйелік оператормен келісілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, кіші станциялар мен тарату құрылғылары олар жұмыс істеп тұрған кезеңде тиісінше жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде салынған, кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.04.11 № 136 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей