Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-1 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне осындай бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 

2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі көздерден алынған ақпаратты, оның ішінде: 

1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған; 

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынған; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады. 

3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 

4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды мұндай бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады. 

5. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол тәсілмен – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 

3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі. 

Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам ұсынымға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органға қайтарылады. 

6. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі ұсынымның өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

7. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы. 

8. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді. 

9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – жылына екі реттен артық емес. 

10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекемделген болуға тиіс. 

Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар

Статья 1 ...6 7 7‑1 8 9 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться