Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ойын бизнесi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;

2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;

2-2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

3) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;

4) заңдастырылған белгілер – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалған тәртіппен құмар ойындарға қатысу үшін қолма-қол ақшаны алмастыратын және ойын мекемелерінде пайдаланылатын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар және (немесе) электрондық жеткізгіштер;

4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;

5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;

6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы – ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, ақшамен операциялар, сондай-ақ заңдастырылған белгілерді беру және (немесе) қайтару жүзеге асырылатын ойын мекемесіндегі орын;

7) құмар ойын – ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;

7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;

7-2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адам – құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін шектеген жеке тұлға;

8) міндетті резервтер - ойын бизнесін ұйымдастырушыға немесе өтінім берушіге меншік құқығында тиесілі, оның ішінде кредитке алынған және салымдарды алғаш талап ету бойынша (талап етуге дейінгі салым) және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес олар пайдаланатын салымды беру шарттарымен банктік салым шарты негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде орналастырылатын ақша;

9) ойын автоматы – құмар ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын, ұтысын ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің қатысуынсыз осындай ойын жабдығы корпусының ішінде орналасқан құрылғы кездейсоқ тәсілмен айқындайтын ойын жабдығы (механикалық, электр, электрондық немесе өзге де техникалық жабдық);

10) ойын автоматтары залы - құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары ғана пайдаланылатын ойын мекемесі;

11) ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгуді ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

12) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

13) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;

14) ойын жабдығы – құмар ойындарды өткізуге арналған және пайдаланылатын құрылғылар немесе құралдар;

15) ойын мекемесi – ұтыс алуды көздейтiн құмар ойындар осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өтетiн ғимарат, үй-жай, құрылысжай;

15-1) ойын сессиясы – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалатын, ұтысты анықтаумен (тіркеумен) аяқталатын, құмар ойынға қатысушының ойын бизнесін ұйымдастырушымен өзара қатынас жасау тәртібі;

16) ойын үстелі - ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің қатысумен құмар ойындар өткізуге арналған ойын жабдығы;

17) алып тасталды - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

17-1) өтiнiм берушi – Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;

17-2) мөлшерлеме - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;

17-3) мөлшерлемелерді есепке алу орталығы – байланыс желілері арқылы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты қабылдауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы.

Мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ оны, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға беру қағидаларын уәкілетті орган белгілейді;

18) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;

19) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассасы – бәс тігуге мөлшерлемелерді қабылдау, ол бойынша ұтыс төлеу жүзеге асырылатын орын;

19-1) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассасы - ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, мөлшерлемелер қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін ақпараттық жүйе;

20) алынып тасталды - ҚР 2009.05.04 № 157-IV Заңымен;

21) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;

22) электрондық казино – аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) интернет-ресурсты пайдаланатын, нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін мекеме.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 № 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...17

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться