Ст. 11 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты:
1) осы Заңның 61-бабына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
3) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім берушілік, қаржылық және өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;
5) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
6) алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен заңды тұлғаларды құру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға, венчурлік қорларға инвестицияларды жүзеге асырады;
7) ақпарат жинауды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
8) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологиялар трансфертіне деген сұранысты дамытуға жәрдем көрсетеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын талдауды жүзеге асырады;
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы елішілік құндылықты дамытуға жәрдем көрсетеді;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
12) уәкілетті органға техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар береді;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық гранттар беруге сараптамалық қорытынды береді;
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын ынталандыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей