Ст. 31 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
31-бап. "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы
1. "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалануы мақсатында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді, платформалық бағдарламалық өнімдерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді, "электрондық үкіметтің" архитектурасын жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі болып табылады. 2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасын орналастырады.
Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық құжаттамасының тізбесі "электрондық үкімет" архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
3. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімді пайдалану үшін "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерге талдау жүргізеді.
4. "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы мемлекеттік техникалық қызметтің "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталына қол жеткізуін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды айқындау бөлігінде сыныптауышты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу үшін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5. Алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы "электрондық үкiметтiң" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталына орналастыру және оларды жаңартып отыру мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей