Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 49 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
49-бап. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар, сондай-ақ сапаны бағалау мақсатындағы сынақтар

Ескерту. 49-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар міндетті түрде немесе меншік иесінің немесе иеленушінің бастамасы бойынша жүргізіледі. 

2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне: 

1) платформалық бағдарламалық өнім; 

2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы; 

3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы; 

4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйесі; 

5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері; 

6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе жатады. 

3. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалылығын тексеру бойынша сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өтуі талап етілмейді. 

4. Ақпараттандыру объектілерінің (мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерін қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтарды осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді. 

5. Ақпараттандыру объектілерінің сапасын бағалау мақсатында оларды сынау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 

Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...44 48 49 50 51 ...67

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться