Ст. 54 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру
1. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды: 1) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты – олардың меншік иелері, иеленушілері және пайдаланушылары;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты – олардың меншік иелері немесе иеленушілері жүзеге асырады.
2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:
1) санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбауды;
2) егер мұндай санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
3) қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарларын барынша азайтуды;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеуді;
5) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан түрлендірілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіруді;
6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына дереу хабарлауды;
7) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимылды;
8) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу үшін Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарына ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қолжетімділікті беруді қамтамасыз ететін шаралар қолдануға міндетті.
2-1. Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:
1) Интернетке қолжетімділігі жоқ ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына ақпараттандыру объектілерінің қосылуын;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл жасау бағдарламасында тіркелген анықталған осалдықтардың жойылуын;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының немесе ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметіне қосылуды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер меншік иелерінің және иеленушілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иелерінің және иеленушілерінің қолдануы үшін міндетті.
3-1. Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен тауар және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет түрінде бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу жүзеге асырылады.
Бұл ретте, сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.
3-2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
3-3. Мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне енген күннен бастап бір жыл ішінде:
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
4. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей