Ст. 24 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ
Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
24-бап. Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру немесе жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асыру
1. Адамдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатынсыз шекаралық белдеуге кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына немесе жүріп-тұруына тыйым салынады. 2. Адамдардың шекаралық белдеуге кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары болған не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалары болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады.
3. Жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың басшыларын өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде шекаралық белдеуге өткізу жеке басын куәландыратын құжаттар болған кезде сол үшін белгіленген орындарда жүзеге асырылады.
4. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқарған кезде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясы, басқа да уәкілетті органдардың авиациясы орындайтын ұшуды қоспағанда, халықаралық ұшуды орындамайтын әуе кемелеріне әуе кеңістігінде шекаралық белдеудің үстінен ұшуға тыйым салынады. Шекаралық белдеуде уәкілетті органдар авиациясының ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік құрылыстары мен бөгеуіштері шебіне дейінгі жергілікті жер белдеуінде, сондай-ақ оның үстіндегі әуе кеңістігінде қолданылады.
6. Халықаралық ұшуды орындамайтын әуе кемелерінің әуе кеңістігінде шекара кеңістігінің өзге де аумағының үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен орындалады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей