Ст. 22 Инвестициялар туралы 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373
Инвестициялар туралы
22-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей