Ст. 21 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу
1. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу кепiл ұстаушының қуынымы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiктi сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сату арқылы жүргiзiледi. 2. Егер борышқор жол берген негiзгi мiндеттеменi бұзушылық мардымсыз болса және осының салдарынан кепiл ұстаушының қойған талаптарының мөлшерi кепiлге берiлген мүлiктiң құнына анық сәйкес келмесе, ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
3. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алу туралы шешiм қабылдаған кезде сот мыналарды анықтап, шешiмiнде көрсетуге тиiс:
1) оны сату аяқталғаннан кейiн айқындалатын жылжымайтын мүлiктi сақтау және өткiзу жөнiндегi шығыстар сомасын қоспағанда, кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан кепiл ұстаушыға төленуi тиiс барлық сомаларды; проценттiк ара қатынаста есептелетiн сомалар үшiн сыйақы есептелетiн сома, сыйақының мөлшерi және ол есептелуге тиiс кезең;
2) құнынан кепiл ұстаушының талаптары қанағаттандырылатын, ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк;
3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде бастапқы сату бағасы;
4) егер олар қажет болатын болса, жылжымалы мүлiктi өткiзiлгенге дейiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар.
4. Кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша дәлелдi себептерi болса, сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндірiп алу туралы шешiмде оның iске асырылуын, егер:
1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) ипотеканың мәнi ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң құрамындағы жер учаскесi болып табылса бiр жыл мерзiмге дейiн кейiнге қалдыруға хақылы.
Кепiлге берiлген жылжымалы мүлiктi өткiзудi кейiнге қалдыру тараптардың негiзгi мiндеттеме жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышқорды кредитордың кейiнге қалдырылған мерзiмде ұлғайған шығындарын, оған тиесiлi сыйақы мен айыпты өтеуден босатпайды.
Егер кепiл берушi өзiне берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiнiң шегiнде кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырған болса, сот кепiл берушiнiң мәлімдеуі бойынша бұл шешiмдi өзгертедi.
5. Ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыруға мынадай жағдайларда:
1) егер ол кепiл ұстаушының қаржы жағдайын елеулi түрде нашарлатуға әкелуi мүмкiн болса;
2) егер кепiл берушiге немесе кепiл ұстаушыға қатысты оны банкрот деп тану туралы iс қозғалса, жол берiлмейдi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2003.06.03. № 427; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату
Үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын борышкер және (немесе) кепiл берушi кепiл нысанасын сату өткiзiлгенге дейiн кез келген уақытта кепіл ұстаушының талаптарын, оларды ипотекалық шарт талаптарына сәйкес қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде орындап, оған қатысты өндіріп алуды және оның өткiзiлуiн тоқтатуға құқылы. Осы құқықты шектейтiн келiсiм жарамсыз болады.
Егер сот тәртібінен тыс сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру бірінші рет жарияланған күнге дейін борышкер - жеке тұлға және (немесе) үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын кепiл берушi кепіл нысанасын сатып алу бағасы кепіл ұстаушының талаптарын іс жүзінде қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде кепіл ұстаушының талаптарын жабатын сатып алушының кепіл ұстаушыға кандидатурасын ұсынса, осы тұлғаның артықшылықпен сатып алу құқығы болады. Бұл жағдайда кепіл ұстаушы кепіл нысанасын сатудан бас тартпауға тиіс.
Кепіл нысанасын артықшылықпен сатып алу құқығы бар адам кепіл ұстаушыға өзінің кандидатурасы сатып алушы ретінде ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі ұсынған сатып алу бағасын төлемеген кезде, кепіл ұстаушы осы Заңда белгіленген тәртіппен соттан тыс сауда-саттық өткізеді.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу
Ипотеканы өткiзуге байланысты кепiл ұстаушының тартқан шығыстары оған кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан өтеледi.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей