Ст. 20-1 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі
1. Кепіл беруші жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды ықтимал қолдану туралы өзі хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында көрсетілген мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
2. Кепіл берушінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішхатын алған кепіл ұстаушы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аталған өтінішхатты қарауға және егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл беруші мен борышкерге ипотека нысанасын өткізудің ең төмен бағасын көрсете отырып, банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлама жіберіп, кепіл берушіге ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерге жіберетін, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарламада өзге мәліметтерден басқа:
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті ең төмен бағадан төмен емес бағамен өткізуге нұсқау;
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мерзімінің өту күні;
мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банк шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы хабар болуға тиіс.
Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізудің кепіл ұстаушы белгілейтін ең төменгі бағасы жасалған күнінен бастап алты айдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызын құрауға тиіс.
Бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл ұстаушы осы мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарлама жіберген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотека шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерді ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабардар етпеген жағдайда, кепіл беруші кепіл ұстаушыға жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін үш ай мерзімде осы жылмымайтын мүлікті кепіл берушінің бастамасы бойынша жүргізілген, жасалған күнінен бастап алты ай өтпеген бағалау туралы есепте көрсетілген жылжымайтын мүліктің бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес бағамен өткізуге құқылы.
4. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өткізбеген жағдайда, кепіл ұстаушы осы Заңның 20-бабында көрсетілген тәсілдермен мұндай мүлікті өткізуге құқылы.
Ескерту. 4-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности Статья 22-3. ПерепискаРекомендованные страницы
Денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама (бұдан әрi - денсаулық сақтау саласындағы сараптама) Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 227. Решение по заявлению об оспаривании законности действий (бездействия) и решений государственных органов, органов местного самоуправления, общественных ... ҚР Кәсіпкерлік Кодексі 226-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 951-бап. Моральдық зиянды өтеу Сақтандыру қызметi туралы 70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей