Ст. 146 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. 2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты оның мүліктік мүддесі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.
2-1. Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның талаптарымен айқындалады және қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын жеке сот орындаушылары үшін – шарт жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір мың еселенген, өзге де жеке сот орындаушылары үшін кемінде бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.
2-2. Сақтандырылған тұлғаның атқарушылық құжаттарды орындау кезінде кәсіби қателер жіберуі салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Осы баптың мақсаттары үшін:
1) процестік құжаттарды дұрыс ресімдемеу;
2) атқарушылық құжатты орындағаннан, жеке сот орындаушысының қызметіне және борышкерге зиян келтіруге алып келген орындау жөніндегі шығыстарға ақы төленгеннен кейін мәжбүрлеп орындату шараларын уақтылы жоймау;
3) өзіне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген жасалатын әрекеттердің салдары туралы оған хабар бермеу;
4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) атқарушылық іс жүргізу тараптарынан алған құжаттарды жоғалту немесе бүлдіру;
5) қызметі нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз жария ету жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі.
Жеке сот орындаушысының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартында сақтандырылған тұлға атқарушылық құжаттарды орындау барысында үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін.
3. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Егер келтірілген зиянның мөлшері кәсіби жауапкершілікті сақтау шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен, оның ішінде ақшамен қайтарады.
5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.
6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 146-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары,
міндеттері мен жауапкершілігі
Лучшие юристы





Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері
Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .
Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей