Ст. 16 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. 2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мирасқорлық
1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы
1. Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлі арқылы әрекет етуге құқылы емес.
2. Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңдармен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкілдерi арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым атынан өкiлдiк ететiн адамдардың өздерінің лауазымдық жағдайлары мен өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары болуға міндетті.
3. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхатпен куәландырылады.
Лучшие юристы





Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері
Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .
Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей