Ст. 164 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары
1. Съезд, төралқа, басқарма Республикалық палатаның басқару органдары болып табылады. 2. Съезд Республикалық палатаның жоғары басқару органы болып табылады және жылына кемінде бір рет шақырылады. Кезектен тыс съезд Республикалық палата басқармасының шешімімен не Республиканың жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларының жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылады.
Съездің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Жеке сот орындаушыларының жарғысын, кәсіби ар-намыс кодексін қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) Республикалық палатаның төралқасының және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, босату;
3) мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту.
Республикалық палатаның жарғысында съездің құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 24.06.2026 № 325-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Төралқа Республикалық палатаның өкілді органы болып табылады. Төралқаның құрамына жеке сот орындаушыларының әрбір өңірлік палатасынан екі жыл мерзімге сайланатын бір-бірден жеке сот орындаушысы, сондай-ақ өкілеттіктер мерзімін уәкілетті орган айқындайтын уәкілетті органның үш өкілі кіреді.
Төралқа төрағасын төралқа өзінің мүшелері қатарынан екі жыл мерзімге сайлайды.
Төралқа:
1) Республикалық палатаның төрағасын лауазымға сайлайды және лауазымнан босатады;
2) Республикалық палата қызметінің басым бағыттарын айқындайды;
3) Республикалық палатаның жылдық бюджетін бекітеді;
4) басқарманың қызметі туралы оның есебін тыңдайды;
5) жарғыда көзделген өкілеттіктер шеңберінде өзге де қызметті жүзеге асырады.
4. Басқарма Республикалық палатаның тұрақты жұмыс істейтін алқалы атқарушы органы болып табылады. Республикалық палатаның төрағасы басқарма төрағасы болып табылады.
Басқарманың құрамын Республикалық палата төрағасының ұсынуы бойынша төралқа бекітеді.
Басқарма:
1) съезд пен төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Республикалық палатаның қызметін дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
3) жарғыда көзделген шекте және тәртіппен Республикалық палатаның мүлкіне билік етеді.
Республикалық палатаның жарғысында басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 119-бап. Жеке сот орындаушысының шығыстарына аванс беру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 171-бап. Тәртіптік іс жүргізу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 138-бап. Жеке сот орындаушысы қызметінің негіздеріРекомендованные страницы
ҚР кеден iсi туралы 229-бап. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібі Налоговый Кодекс РК Статья 607. Общие положения Нотариат туралы 95-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме О государственной регистрации прав на недвижимое имущество Статья 61. Порядок введения в действие настоящего Закона О пастбищах Статья 16. Порядок предоставления и использования отгонных пастбищРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей