Ст. 27 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
27-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі хабархаттар мен шақырулар
1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабархатпен хабарландырылады.
Атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы.
Сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге шақырулар шақыру қағазын жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Шақыру қағазында мыналар көрсетіледі:
1) адам шақырылатын сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;
2) шақырылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;
3) келу орны мен уақытын көрсету;
4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі;
5) атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті онда бар құжаттарды ұсынуға адамға ұсыныс жасау;
6) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді көрсету;
7) хабарланатын немесе шақырылатын адамның келмеуінің салдарын және оның келмеу себептерін хабарлау міндетін көрсету;
8) шақыру қағазын немесе хабархатты, шақыруды жіберген адамның қолы.
Шақыру қағазы шақырылатын тұлғаның сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын орынға уақтылы келуі үшін жеткілікті мерзім болатындай есеппен жіберілуге тиіс.
2. Хабархат немесе шақыру қағазы, егер атқарушылық іс жүргізуге қатысушы немесе оның өкілі өзге мекенжайды көрсетпесе, атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, атқарушылық іс жүргізуге қатысушының жұмыс орны бойынша оларды алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не өзге де байланыс құралдары арқылы жіберіледі не адресатқа қолы қойғызылып табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жолданған хабархат немесе шақыру қағазы оның орналасқан жерінің, филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жерінің мекенжайы бойынша жіберіледі.
Хабархат немесе шақыру қағазы заңды тұлға көрсеткен мекенжай бойынша жазбаша нысанда жіберілуі мүмкін. Шақыру қағазы немесе хабархат, егер тіпті заңды тұлға көрсетілген мекенжай бойынша болмаса да, заңды тұлғаға оның орналасқан жері бойынша жеткізілді деп есептеледі.
Хабарланатын немесе шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе хабархат онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне, жұбайына (зайыбына) табыс етіледі. Мұндай жағдайда шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаған адам шақыру қағазының немесе хабархаттың түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ адресатқа қандай қатысы барын көрсетеді.
Көрсетілген жағдайларда шақыру қағазы не хабархат тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.
3. Хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін.
4. Атқарушылық іс жүргізу тарапына:
1) гибридтік жөнелту арқылы не оны табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжай бойынша, соңғы белгілі тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша;
2) сот орындаушысына жеке өзі ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде атқарушылық іс жүргізу тарапына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына;
3) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы немесе егер мұндай хабархаттың немесе шақырудың келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып;
4) атқарушылық іс жүргізу тарапы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
5) хабархаттың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де тыйым салынбаған тәсілдермен жіберілген хабархат, шақыру қағазы тарапты тиісті түрде хабарлау, шақыру болып табылады.
Тарап осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген шақыру қағазы бойынша келмеген жағдайда, қайтадан шақыру қағазы шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс және жеткізу құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның мекенжайы;
2) шақырылатын немесе хабарланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауы;
3) хабархаттың қысқаша мазмұны, келу орны мен уақытын көрсету;
4) шақырудың негізі, адам шақырылатын атқарушылық іс жүргізудің нөмірі.
Хабардың жіберілгенін растайтын құжат атқарушылық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинет арқылы атқарушылық іс жүргізумен және оған қоса берілетін материалдармен танысуға құқылы.
6. Адресат шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартқан кезде оларды табыс ететін адам шақыру қағазына немесе хабархатқа тиісті белгі жасайды, олар сот орындаушысына қайтарылады, сондай-ақ бұл туралы, оның ішінде аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдаланып, акт жасауға құқылы.
Адресаттың шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартуы атқарушылық әрекеттерді жасау үшін кедергі болып табылмайды және адам тиісті түрде хабарланды деп есептеледі.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 100-бап. Борышкердің жұмыс орны мен табысы туралы мәліметтер Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 12-бап. Атқарушылық құжатты беру кезіндегі мерзім үзілісі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 25-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі прокурор Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 155-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі іс жүргізуРекомендованные страницы
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 59-бап. Адвокаттың анты ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар Главная ҚР Азаматтық кодексi 178-бап. Талап қою мерзiмдерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 104-бап. Борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей