Ст. 38 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:
1) атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;
2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;
3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;
4) құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;
5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;
6) сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;
7) өндіріп алушы жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;
8) атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса;
10) осы Заңның 11-бабының 1-1-тармағында белгіленген мерзім өтпесе;
11) атқарушылық құжатты орындау мемлекеттік не жеке сот орындаушысының құзыретіне жатпаса;
12) атқарушылық құжатты бергенге дейін өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату не қайта ұйымдастыру аяқталса не ол банкрот деп танылса;
13) әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өтпесе, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 13) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.
4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.
5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшіліктері жойылмай келіп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жіберген органға немесе адамға қайтарылады.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 114-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегішығыстарды өтеу тәртібі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 105-бап. Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 107-бап. Өндіріп алушыны қоныстандыру туралы атқарушылық құжатты орындау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 127-бап. Сот орындаушысының шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 130-бап. Мемлекеттік сот орындаушысын қызметке тағайындау тәртібіРекомендованные страницы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 41-бап. Атқарушылық әрекеттердi кейiнге қалдыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудiтоқтата тұру мiндетi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізіліміРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей