Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.05.2023

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
44-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi

Атқарушылық іс жүргізу: 

1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға дейін; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) осы Заңның 42-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін; 

3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда – қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін; 

3-1) осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін; 

4) осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда – қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін; 

5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда – бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін; 

6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін; 

7) осы Заңның 42-бабының 11–2) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізгенге дейін; 

8) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушыдан арыз келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге, ал тараптар медиация туралы шарт жасасқан кезде күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге; 

9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін; 

10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,


У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?


Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері


Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .


Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться