Ст. 99 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi
1. Алимент төлемдерін жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы өндіріп алу мүмкін болмаған жағдайда сот орындаушысы берешекті айқындау туралы қаулы шығарады және осы Заңның 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және осы Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолданады. Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды.
Сот орындаушысы берешек айқындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына жібереді.
1-1. Берешек өтелген кезде атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудің қолданылған шаралары тоқтатылуға жатады.
2. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде борышкер алатын нақты жалақыны (кірісті) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.
Мүгедектігі бар адамдар болып табылатын борышкерлер үшін алименттер бойынша ай сайынғы төлемдер немесе берешек – олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал олар жұмыс істемейтін жағдайда, бюджет қаражатынан және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.
4. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 171-бабының 1-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi.
Ескерту. 99-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,
У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?
Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері
Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .
Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей