Ст. 24 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы
1. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылардың, радиациялық қондырғылардың қауіпсіздігін олар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін бүкіл уақыт кезеңіне тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. 2. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасы ядролық, радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелерде, жабдықтарда, ядролық және радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған кезде қайта жүргізіледі.
Пайдаланушы ұйым уәкілетті органды және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын бұрын жүргізген сараптама ұйымын ядролық және радиациялық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасын ұсына отырып, жоспарланып отырған өзгерістер туралы бір мезгілде жазбаша хабардар етеді.
3. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын осы қызмет түрін жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Бұл ретте пайдаланушы ұйымның лауазымды адамдарымен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста тұрған адам, сондай-ақ пайдаланушы ұйыммен еңбек қатынастарында немесе өзге де шарттық қатынастарда тұрған жеке тұлғалар сарапшы бола алмайды.
4. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына құжаттарды пайдаланушы ұйым ұсынады.
5. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол беру мен ықтималдық туралы қорытынды беріледі.
6. Сараптаманың теріс қорытындысын алу сараптама қорытындысында көрсетілген барлық ескертулерді жойған пайдаланушы ұйымды сараптама жүргізу үшін қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
7. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын қаржыландыру пайдаланушы ұйымның қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
О национальной безопасности Республики Казахстан Статья 25. Участие Республики Казахстан в обеспечении международной безопасности О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств Статья 16. Государственная регистрация прекращения деятельности юридического лица О национальной безопасности Республики Казахстан Статья 27. Надзор за соблюдением законности в сфере обеспечения национальной безопасности Микроқаржы ұйымдары туралы 9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей