Ст. 26 Атом энергиясын пайдалану туралы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V
Атом энергиясын пайдалану туралы
26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу
Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді.
2. Аккредиттеу жүргізудің нәтижелері бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Аккредиттеу туралы куәлік аккредиттеу саласын, аккредиттеу саласындағы жұмыс түрлерін, қолданылатын есеп-қисап әдістемелері мен бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтиды.
3. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымның:
1) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
2) аккредиттеудің тиісті саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;
3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдары және (немесе) есеп-қисап әдістемелері болуға тиіс.
4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. Мыналар:
1) ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттың болуы;
2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушінің персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
4) есеп-қисап әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы өтініш берушіні аккредиттеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
6. Аккредиттелген ұйымдар:
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша аккредиттеу саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау барысында алынған құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
7. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.
8. Алып тасталды – ҚР 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.02.2021 № 12-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-1-тарау. Келтірілген ядролық нұқсан үшін ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығы және оны қаржылық қамтамасыз ету
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды – ҚР 14.05.2020 № 329-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Дербес деректер және оларды қорғау туралы 7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары және жалпыға бірдей қолжетімді көздерден алынған дербес деректерді жинаудың, өңдеудің ерекшеліктері Дербес деректер және оларды қорғау туралы 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Микроқаржы ұйымдары туралы 8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi Атом энергиясын пайдалану туралы 15-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында экспорт пен импортты жүзеге асыру Микроқаржы ұйымдары туралы 3-бап. Микроқаржылық қызмет, микрокредиттер беру тәртібі мен шарттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей