Ст. 39 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
39-бап. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің халықаралық ұшуы
1. Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуы: 1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының;
3) тиiстi шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары беретін бiржолғы ұшуды орындауға арнайы рұқсаттардың негiзiнде және солардың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы әуе кемесінің шет мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуына арнайы рұқсатты алуға сұратуды сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиациясының халықаралық ұшуы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын лауазымды адамдарды тасымалдайтын Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің халықаралық ұшуы жағдайларында шет мемлекеттерге жібереді.
Сұрату кеме құжаттарына, экипаж мүшелеріне арналған куәліктерге, сақтандыру полистерінің көшірмелеріне қатысты барлық талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен аумағында (аумағы арқылы) ұшуды орындау жоспарланып отырған шет мемлекеттердің аумағында қолданылатын басқа да талаптар мен қағидалар сақталған кезде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өтініштері негізінде жүргізіледі.
3. Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесiнiң шет мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуына тиісті шет мемлекеттердің құзыретті органдары беретін арнайы рұқсатты алуға сұратуды дербес жүзеге асырады. Шет мемлекеттің құзыретті органының сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органнан сұратуы бойынша арнайы рұқсат беруге талабы болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осындай сұратуды азаматтық әуе кемесін пайдаланушының өтініші негізінде осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етуге міндетті.
4-1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуға тиіс.
5. Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуінсіз жол берілмейді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.
5-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды осы баптың 4-тармағына сәйкес орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етпеу не хабарламада анық емес ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 5-тармақтарының талаптарын бұзу пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
6. Шет мемлекеттің әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындаған кезде шет мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген әуеайлаққа мәжбүрлеп қондыру туралы талабы болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің экипажы осы талапты орындауға міндетті.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей