Ст. 80 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
80-бап. Тұрақты әуемен тасымалдаулар үшiн халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарды бөлу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында халықаралық авиамашруттарды, сондай-ақ тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыруға арналған субсидияланатын авиамаршруттарды (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) бөлудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурстық негізде жүргiзедi. Жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын облысішілік авиамаршруттарға конкурсты жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурс жеңiмпаздарына авиамаршрутқа арналған куәлiктер берiледi.
Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамаршруттарға:
1) жаңа авиамаршруттар ашылған;
2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;
3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.
Конкурсқа жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетін авиакомпаниялар жіберіледі.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар құзыреті шегінде авиакомпания авиамаршрутты пайдалану талаптарын орындамаған жағдайда одан авиамаршрутқа арналған куәлікті қайтарып алады.
3. Мыналар:
1) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды және (немесе) еңсерілмейтін күштің салдарын қоспағанда, авиамаршрутты пайдаланудың басталған күнін, белгілі бір уақыт кезеңінде тұрақты рейстердің белгіленген санын орындауды және әуе кемелерінің авиамаршрутында кестеде белгіленген үлгілерді және (немесе) сыйымдылықты қолдануды қамтитын кестені авиакомпанияның сақтауы;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкестік;
3) белгіленген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшін авиакомпанияда болжамды кірісті ескермегенде бір ай ішінде қажетті қаржы қаражатының азаймайтын резервінің болуы авиамаршрутты пайдаланудың талаптары деп түсініледі.
4. Авиакомпаниядан халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алған кезде куәлiк конкурстық ұсынысы жеңiмпаздан (жеңiмпаздардан) кейiн үздiк деп танылған конкурстың басқа қатысушысына берiледi.
5. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлігiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде қажеттiгi туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей-ақ авиакомпанияға халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiктi беруге құқылы.
Пайдалану қажеттiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық немесе субсидияланатын авиамаршрутты бөлген кезде жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша халықаралық авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша субсидияланатын авиамаршрутқа конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында көзделген бiлiктiлiк талаптарына авиакомпания сай келген жағдайда, өтiнiм берген барлық авиакомпанияларға куәлік берiледi.
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей