Ст. 8 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады. 2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:
салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей