Ст. 15 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану
1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске немесе концессионерге шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды. 2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың республикалық мемлекеттік мекемелері алдында жеке жəне заңды тұлғалардың тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тəртіппен, тамақтандыруды немесе монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беруді жүзеге асырады.
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес берілуі, өткізілуі, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жойылуы және қайта өңделуі мүмкін.
Одан әрі сақталуы нақты қауіп төндіретін және дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілер пайдаланылмайтын әскери мүлік деп танылмайды және жойылуға жатады.
Оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін Қорғаныс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:
1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей