Ст. 10 Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ ҚРЗ
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары
1. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қаржылық, ақпараттық-консультациялық қолдау ұсыну, кадр әлеуетін дамытуды қолдау, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруды қолдау, мемлекеттік преференциялар беру мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының заңдарында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
3. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға дайындығын қамтамасыз ету;
2) қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру үшін өнеркәсіптік инфрақұрылымды құру;
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау рәсімдерін жетілдіру;
4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей