Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 63 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Бiлiм туралы
63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады. 

2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарына: 

1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге; 

2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагогтерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады. 

Өнер мамандығы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы. 

3. Мемлекеттік білім беру мекемелері және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай: 

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру; 

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру; 

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; 

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну; 

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету; 

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу; 

8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру); 

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру; 

10) ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы. 

Қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

3-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы. 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға) беруден алынған кірістерді өзі дербес пайдаланады. 

3-2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдары ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай: 

1) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру); 

2) бағдарламалардың оқу жоспары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері (модульдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру; 

3) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамыту бойынша); 

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек тұрғындар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және өткізу; 

5) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызмет; 

6) білім алушылардың оқуға түсуіне және білім алушыларды аралық немесе қорытынды аттестаттауды (талапкерлер үшін дайындық сабақтарын, сынама тестілеуді) жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 

7) білім алушыларға ақылы негізде оқу кезеңіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жұмыс кезеңіне бос орындар болған кезде жатақханадан орын беру; 

8) цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту; 

9) оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуға құқылы. 

3-3. Осы Заңның 63-бабының 3 және 3-2-тармақтарына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары алған кірістер дербес пайдаланылады. 

4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады. 

Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады. 

6. Ақылы негізде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарының және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. 

Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. 

Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін. 

Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...61 62 63 64 64‑1 ...68

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться