Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 30 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару

1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. 

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді. 

2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады. 

2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады. 

3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. 

3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 

Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы. 

3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін. 

3-3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабының және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. 

4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін. 

5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді. 

6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы: 

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; 

3) алып тасталды - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) алып тасталды - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) алып тасталды – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады. 

7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі. 

8. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген төлеушілердің жарналарды төлеуін қоспағанда, аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. 

Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться