Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
15-бап. Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект

1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерлерге, сондай-ақ ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады. 

Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы кіреді. 

2. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін мыналар: 

өзі үшін – алатын кірісінің өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы; 

жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін шығыстар әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

3. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объектілер болып табылады. 

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады. 

4. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ қандастарға еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары олар үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект болып табылады. 

4-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында айқындалған жұмыскердің кірісі бірыңғай төлемді есептеу объектісі болып табылады. 

Бұл ретте бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі. 

5. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен (қолданыстағы редакциясын осы Заңның 39-бабы 4-тармағы 3) тармақшасынан қараңыз).

Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді. 

6. Қорға әлеуметтік аударымдар: 

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында белгіленген; 

2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында белгіленген; 

3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді. 

Осы тармақтың күші жұмыскерлердің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін кірістеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться