Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Топырақты қорғау туралы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 341-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

Топырақты қорғау туралы
1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 

1) агрохимиялық зерттеп қарау – өсімдіктерді минералды қоректендіру элементтерінің мөлшерін, топырақтағы ортаның, органикалық заттардың, микроэлементтердің реакциясын және қайта сортаңдану химиясын айқындау үшін жүргізілетін топырақты зерттеп қарау; 

2) мелиорациялық зерттеп қарау – топырақтың қайта сортаңдануының, тұздануының, батпақтануының және эрозиясының белгілері бар топырақ контурларының шекарасын анықтау және нақтылау үшін жүргізілетін топырақты зерттеп қарау; 

3) топырақ – биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде жер бетінде пайда болған, минералдық қатты бөлшектер мен органикалық заттардан, су мен ауадан тұратын және өзіндік ерекше генетикалық-морфологиялық белгілері, өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін тиісті жағдай жасайтын қасиеттері бар өздігінен табиғи түрде жылдар бойы қалыптасқан дербес органикалық-минералды табиғи дене; 

4) топырақ сапасы – адамның, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекеті үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге топырақтың қатысу сипаты мен тиімділігін айқындайтын топырақ қасиеттерінің жиынтығы; 

5) топырақ саулығы – адамның, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін топырақтың өнімділік пен биоәртүрлілікті сақтап тұру қабілеті; 

6) топырақты бонитеттеу – топырақтың сапасын және ауыл шаруашылығы алқаптарының табиғи өнімділік қабілетін салыстырмалы бағалау; 

7) топырақты зерттеп қарау – белгілі бір аумақтағы топырақтың қасиеттерін, жай-күйін және кеңістіктегі орнын зерделеу мен анықтау мақсатында жүргізілетін топырақты зерттеп қарау; 

8) топырақты қалпына келтіру – топырақтың сапасын, құнарлылығын, саулығы мен құрылымын қалпына келтіруге бағытталған іс-шара; 

9) топырақты қорғау – топырақты ұтымды пайдалану мен сақтауға, оның тозуын болғызбауға, табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы әсерден қорғауға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық және өзге де шаралар кешені; 

10) топырақты қорғау саласындағы талаптар – шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндетті шарттар және (немесе) шектеулер; 

11) топырақты қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 

12) топырақты мониторингтеу – топырақтың жай-күйін жүйелі түрде байқау; 

13) топырақтың бүлінуі – топырақ құнарлылығының төмендеуіне және оның тозуына алып келетін, топырақ пен оның астыңғы қабаттары құрылысының қолайсыз өзгеруі; 

14) топырақтың жай-күйі – топырақтың құрамын, құрылымын және қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы; 

15) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін қолайлы химиялық, физикалық және биологиялық қасиеттері болатын топырақ кескінінің үстіңгі қарашірінді бөлігі; 

16) топырақтың құнарлылығы – өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін топырақтың оларды қажетті қоректендіру элементтерімен қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау қабілеті; 

17) топырақтың құнарсыздануы – топырақ құнарлылығының төмендеу, биоәртүрліліктің азаю және органикалық әрі қоректік заттар мөлшерінің кему процесі; 

18) топырақтың ластануы – топырақта ластаушы заттардың топырақ сапасының экологиялық нормативтерінде белгіленгеннен асатын концентрацияда болуы; 

19) топырақтың тозуы – топырақ сапасының нашарлауымен, құнарлылығының төмендеуімен, биоәртүрлілігінің азаюымен, топырақ құрылымының табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы әсерден бұзылуымен сипатталатын процесс; 

20) топырақты ұтымды пайдалану – топырақтың тозуын болғызбау, оның құнарлылығын сақтау мен жақсарту жөніндегі шараларды қамтитын, оның ықтимал мүмкіндіктері және шектеулер ескеріліп, топырақты оңтайлы пайдалану; 

21) топырақ эрозиясы – топырақ құнарлылығының төмендеуіне алып келетін, табиғи және антропогендік сипаттағы әсерден шайылу және жел қағу салдарынан топырақтың үстіңгі қабатының бұзылу процесі; 

22) тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесі – органикалық және минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалануға бағытталған агрохимиялық және агротехникалық іс-шаралар кешені.
Статья 1 2 3 ...26

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться