Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6-1 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-1-баптың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Жануарлар дүниесін қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне: 

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 

2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган; 

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар; 

4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары; 

5) мамандандырылған ұйымдар; 

6) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар; 

8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері; 

9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-1-бапты 2-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 6‑1 6‑2 7 ...61

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться