Ст. 16 Күзет қызметi туралы 2000 жылғы 19 қазандағы N 85
Күзет қызметi туралы
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт
1. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы тапсырыс берушіге тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi. 2. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша орындаушы ретінде мынадай күзет қызметі субъектілері (осы Заңда қойылатын талаптарды ескере отырып) әрекет етуге құқылы:
1) iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) алып тасталды - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша тапсырыс беруші ретiнде жеке және заңды тұлғалар әрекет етуге құқылы.
4. Күзет қызметiн көрсету туралы шартта:
1) орындаушының күзет қызметiн көрсету лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi көрсетiле отырып, уағдаласушы тараптар туралы мәлiметтер;
2) орындаушының мiндеттерi көрсетiле отырып, көрсетiлетiн күзет қызметiнің түрлерi;
3) шарттың объектiсi туралы мәлiметтер;
4) шарттың мерзiмi мен жасалған күнi;
5) тараптардың жауапкершiлiк шаралары болуға тиiс.
5. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарттың жазбаша нысанда жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соғады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2010 № 372-IV (қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 02.01.2021 № 405-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей