Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы

1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшілері мемлекеттiң қорғауында болады және қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады. 

2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауларына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройы мен мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеліп, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн. 

4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері саяси партияларда, кәсiптiк одақтарда тұруға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес. 

5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшілерін әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi әскери жарғыларда белгiленедi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерін тәртiп бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi. 

6. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi. 

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...28

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться