Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:  

1) қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын, криминалистік зерттеулерді жүргiзу, Қазақстан Республикасының азаматтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен штаттан тыс жедел қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту; 

1-1) құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы құралдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес пайдалану; 

1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру; 

2) мақсаттары мен әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтіруге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiне және өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енудi жүзеге асыру; 

3) өздерiнiң әрекеттерімен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына кіргізбеу және одан шығарып жіберу туралы мәселелердi өзі дербес немесе құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шешу; 

4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;  

5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;  

6) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру; 

6-1) терроризмге қарсы операцияға қатысу және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды және уақытша шектеулерді қолдану; 

7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;  

8) қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деген күдік туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;  

9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деген күдік туғызған адамдарды қудалау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кiру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кiру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;  

10) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған немесе ұлттық қауіпсіздік органдары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алған адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстау үшін уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, құқық қорғау органдары мен соттар ұстап алғандарды және күзетпен ұсталатындарды, сондай-ақ сотталғандарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша ұстау үшін пайдаланылады; 

11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету; 

12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлерді іске асыруға, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға енгізу. 

Ұсынулардың нысанын және оларды енгізу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды; 

12-1) жеке және заңды тұлғаларға тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескертулерді жазбаша түрде хабарлау; 

13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;  

14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, əскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз жəне коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып алу; 

15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;  

16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне қатысты архивтегi оперативтiк, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;  

17) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу, оларды пайдалану, әзірлеу және (немесе) ресімдеу тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды. 

Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсаттарда пайдалануы қажет болған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары үшін оларды өтеусіз негізде әзірлейді және (немесе) ресімдейді; 

17-1) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұлттық қауіпсіздік органдарына құжаттардың бланктері мен қызметтік куәліктерді, оларды толтыру үлгілерін беру туралы орындалуы міндетті сауалдарды жолдау; 

17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу. 

Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді; 

18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құру;  

19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу; 

20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу, ақпараттық жүйелер мен арнаулы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау; 

20-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау; 

20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу; 

20-3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру; 

20-4) арнайы куәландырушы орталықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту; 

20-5) үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату; 

21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар даярлауды жүзеге асыру; 

21-1) бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және өзге де электрондық жабдық түрлерін пайдалану; 

21-2) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; 

21-3) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзін және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асыру; 

21-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

21-5) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 

21-6) байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу тәртібін айқындау; 

21-7) қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындау; 

21-8) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындау; 

22) алынып тасталды; 

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 476, 2000.03.29 № 42, 2002.03.21 № 309, 2010.04.08 № 266-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 № 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 13‑1 14 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться