Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.04.2025

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:

1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;

7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

8) азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

8-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-3) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8-4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-5) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;

11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;

13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;

14) зерттеулерді жүзеге асырады;

15) іздестіруді жүзеге асырады;

16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;

18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;

19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

20-1) алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...25

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться