Ст. 7 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;
3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3-1) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;
4) мыналарды:
республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін;
осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;
5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;
6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;
6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;
6-3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-4) ғылыми табиғи объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру;
6-5) Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынуы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің бір бөлігін жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа беру;
7) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы 7-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2-бап. Ұлттық ұлан қызметiнiң құқықтық негiзi О специальных государственных органах Статья 46-1. Отпуск без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций Статья 13-1. Особенности порядка организации и проведения проверок финансовых организаций и их аффилииров...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей