Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
8-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Уәкiлеттi органның құзыретiне: 

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестіру; 

1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру; 

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

3) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-1) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-2) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-3) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-4) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) осы Заңның мақсатына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту; 

5-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

5-2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5-4) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6-1) мыналарды: 

республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын; 

табиғат қорғау ұйымының басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын; 

жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын; 

осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын; 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін; 

табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын; 

ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін; 

үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені; 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын; 

заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын; 

республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын; 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын; 

Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын; 

осы Заңның 43-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілетін шөп шабу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

7) алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

11) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

12) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14-1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

14-2) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; 

16) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу; 

16-2) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-3) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

16-4) алып тасталды – ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

16-6) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

16-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу; 

17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын және экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келiсу; 

18) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

18-1) алып тасталды – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

Уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 118-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2025 № 198-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6‑1 7 8 8‑1 9 ...85

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Последние комментарии









Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться