Ст. 116 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.
3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;
2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
3) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
4) мемлекеттік бағалық реттеу енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);
5) алып тасталды – ҚР 25.03.2024 № 68-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге;
6-1) дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітуге;
7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;
8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;
9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;
10) тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына;
11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;
12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;
13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге;
14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді;
15) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді бекітеді.
3-1. Мемлекет трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттейді.
Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.06.2023 № 13-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.03.2024 № 68-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей