Ст. 172 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
172-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай
1. Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектілерінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектілеріне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай деп танылады. 2. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы монополияға қарсы орган бекiтетiн Тауар нарығындағы бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес белгіленеді.
3. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан көп пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы, егер осындай нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) нарық субъектiсінiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар айналысының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгi;
2) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуы;
3) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналысының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің әрекет ету ұзақтығы белгіленсе, үстем жағдай деп танылады.
Егер нарық субъектісінің үлесі елу және одан көп пайыз болса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген мән-жайлар ескерілмей нарық субъектілерінің жағдайы үстем жағдай деп танылады.
4. Тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп пайызды құрайтын болса немесе тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп пайызды құрайтын болса, егер нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) ұзақ кезең ішінде (кемінде бір жыл ішінде немесе егер мұндай мерзім бір жылдан аз болса, тиісті тауар нарығының әрекет ету мерзімі ішінде) нарық субъектілері үлестерінің салыстырмалы мөлшері өзгермеген немесе аз өзгерістерге ұшырағаны;
2) нарық субъектілері өткізетін немесе сатып алатын тауар тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) басқа тауармен алмастырыла алмайтыны;
3) тиісті тауар нарығында осы тауардың бағасы және (немесе) оны өткізу шарттары туралы ақпаратқа белгілі емес тұлғалардың тобына қолжетімді болғаны белгіленсе, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай деп танылады.
5. Егер:
1) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, екеуден аспайтын қаржы ұйымының жиынтық үлесі елу және одан көп пайызды құраса;
2) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын қаржы ұйымының жиынтық үлесі жетпіс және одан көп пайызды құраса, қаржы ұйымдарының жағдайы үстем жағдай деп танылады.
6. Тиісті тауар нарығындағы, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы үлесі он бес пайыздан аспайтын нарық субъектісінің жағдайы осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес үстем жағдай деп таныла алмайды.
7. Табиғи монополия, мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үстем үлеске ие нарық субъектілерінің (монополиялық жағдайға ие субъектілер) жағдайы монополиялық жағдай деп танылады.
8. Нарық субъектісі монополияға қарсы органға тауар нарығындағы осы нарық субъектісінің жағдайы үстем деп танылуы мүмкін еместігі туралы дәлелдемені ұсынуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ұсынылған дәлелдемелерді келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және нарық субъектісіне жіберілетін тиісті шешімді қабылдайды.
Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей